төреші әйел футболшының зәресін алды – видео  

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қызықты видеоны Эквадор футбол федерациясы YouTube-те жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде — Sputnik. Эквадор чемпионаты кезіндегі төреші Фернанда Коломбоның әзілі жергілікті «Барселонада» ойнайтын жартылай қорғаушының зәресін ұшырды.

Қызықты видеоны Эквадор футбол федерациясы YouTube-те жариялады.  

Ойын кезінде төреші аргентиналық футболшының ережені бұзғанын байқайды. Ол оған жақындап, қалтасынан сары қағаз алып жатқандай кейіп танытады да, қол орамал алып, маңдайындағы терін сүртеді.

Бразилиялық төрешінің әзілі жанкүйерлердің көңілін көтеріп тастады.  

Айта кетейік, Фернанда Коломбо футбол төрешісі болғанға дейін модель болып жұмыс істеген.    



sputniknews.kz