«Төреғалиге ұқсайды»: Мөлдір Әуелбекованың бала күнгі суреті қызу талқыға түсті — Қазақстан жаңалықтары
Мөлдір Әуелбекова бала күнгі естелігімен бөлісті. Өнер иесі сәби кезінде анасымен бірге түскен суретін жариялады, деп жазады Stan.kz.
«Анашым кішкентай Мөлдірімен! Бала кезімнен көзқарасым мөлдір, әлі де мөлдір! Туыстарымның ортасында лақап атым Мако!» — деді Әуелбекова.
Бір қызығы, көпшілік Мөлдірдің бала күнгі бейнесін өзіне емес, әріптесі Төреғали Төреәліге ұқсатты.
«Төрешке ұқсайсыз», «Мен Төреғалидің бала кезі деп ойлап қалдым», — деп жазды оқырмандар.
Былтыр, бала күнгі суретін жариялаған Еркені де көпшілік Төреғалиге ұқсатқан болатын.
stan.kz