Қазақстандағы ауа райы: Солтүстікте -10 грдаус аяз, оңтүстікте +22

0

Қазақстанның солтүстігінде күн суыса, оңтүстік аймақтарда керісінше күн жылынып жатыр. «Қазгидромет» РММ 20 мен 22 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның оңтүстігінде көктем өз үстемдігін құрсе, еліміздің солтүстігінде керісінше қыс соңғы қаһарын көрсетіп жатқандай.

Алдағы демалыс күндері бұлтты ауа райы жылбысқы қармен және түнгі ауа температурасы минус 10°С сақталады, бұл климаттық нормадан 3…5°С төмен.

Мұндай ауа райы Карск теңізіне Баренц арқылы бірінен кейін бірі жылжыйтын белсенді циклонмен байланысты, ал осы циклонның жүйесіне енетін арктикалық фронттар Қазақстанның солтүстігіндегі ауа райына ықпалын тигізетін болады.

Қазақстанның оңтүстік аймақтарында бұрыңғыдай оңтүстік фронтальдық бөліктердің және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады.

Онымен бірге, демалыс күндері жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Бірақ мұнда жылы, күндіз ауа температурасы плюс 15…22°С дейін жылынады, ал бұл орташа көпжылдық мәнге жақын болады.

Сондай-ақ Алматыда дауылды ескерту жарияланды.

«Жылымықтын әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жауын-шашынның күтілуіне байланысты Улкен Алматы (2500 метр жоғары биіктігіне) және Кіші Алматы (2300 метр жоғары биіктігіне) су алабтарында 20–22 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. Қар көшкіні жүруін ұрындырмау үшін тау бөктерлеріне шығуғатыйым салынады. Тауда абай болыңыздар», — деп жазды «Қазгидромет» баспасөз қызметі.