Тоқтар Серіков: Мейрамбек қана мені Төки деп атайды, мен үшін керемет болып естіліп тұрады — Қазақстан жаңалықтары
Тоқтар Серіков балалық шақтан бірге өскен жан досы Мейрамбек Беспаевпен кездесіп жансырын ақтарды. Тай құлындай тебісіп өскен екі дос сағынысып қауышты.
«Бүгін Жанар әпкемізбен кездесіп үлкен әңгіме дүкен құрдық. Мейрамбек менің сонау бала күнімнен бірге келе жатқан досымғой. Аллаға шүкір сендей досымның барына. Баяғыда Мейрамбек екеуіміз көп нәрсені армандайтынбыз. Сол арманың ең үлкені елдің ішінде абройлы болсақ деушек. Алла дегенімізге жеткізіп,арман тілегімізді орындады. Алла ұлық. Балашағамызда қатар өсіп келеді. Достарымызда көбейіп ордалы елге айналып қалдық.
Мен Мейрамбекті еркелетіп Миқош деймін, ал ол болса мені Төки дейді. Достарымның ішінде тек Миқош қана Төки деп айтады. Мен үшін керемет болып естіліп тұрады. Еее уақыт-ай мына суретке қарап екеуміздің жігіт ағасы болып қалғанымызды байқаймын. Алда әлі біз шықпаған белдер бар досым аман болайық. Ел ішінде еңселі, балашағамызға қамқор, достарымызға қадірлі болсақ одан артық не арман бар. Арманымыз бітпесін досым», — деп жазды Тоқтар Серіков желіде.
«Рас, Тоқа, сендердің әндеріңмен тұтас бір буын, түгел бір ұрпақ өсті… Аман болыңдар!», — деп жазды ақын Қалқаман Сарин.
stan.kz