Ірі көлемде пара алған әкім орынбасары қамауға алынды – видео

0
1
Advertisement

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Алматы облысындағы Қарасай ауданы әкімнің орынбасары 33,5 миллион теңгені заңсыз сыйақы ретінде алды деген күдік бар

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жергілікті биліктің бірнеше өкіліне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматы облысында Қарасай ауданы әкімінің орынбасары аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін ұсталды. Тергеуші Данияр Биғайдаровтың айтуынша, әкімінің орынбасары мемлекеттік сатып алулар кезінде қамқорлық жасаған. Ол кәсіпкерден пара алғаны үшін айыпталып отыр.

«Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында кезекті құрылыс нысаны бойынша рәсімделген келісімшарттың жалпы құны 660 миллион теңге болған. Әкімнің орынбасары осы ақшадан 33,5 миллион теңгені заңсыз сыйақы ретінде алды деген күдік бар. 

 «Бұдан бөлек, Алматы облысында Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының жетекшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Шенеунік жекеменшік фирма өкілімен бірге 5 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Ол ақша жұмыспен қамтудың жол картасы аясында бөлінген болатын», – деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.

Ал Қарағанды облысы Жаңарқа ауданындағы Атасу кентінде әкім аппаратының лауазымды тұлғалары балабақша құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Осылайша, «Ер төстік» сәбилер балабақшасының құрылысына бөлінген 5 миллион теңге қолды болды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда басқарма басшысын ұстау сәтінің видеосы жарияланды

Сондай-ақ, Қарағанды қаласының жер қатынастары, сәулет және құрылыс бөлімінің басшылығы мен Шет аудандық құрылыс бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз