Тоқаев жолдауындағы өтірік ақпараттар

0

2020 жылдың 1 қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жасады. Жолдауда әлеуметтік және экономикалық маңызы бар тақырыптар айтылып, біраз мәселе көтерілді. Президенттің жолдауында манипуляция мен шындыққа сәйкес келмейтін мәлімдемелер де болды. Бұл туралы Factcheck.kz сайты жазды.

Президент 42 500 теңгені басқа ірі мемлекет пен көршілес елдерде бермегендер бар деп айтты. Бірақ, бұл ақпаратты тексере келе президент сөзі өтірік дейді сайтта.

Мәселен, Жапония Пандемия кезінде әр азаматқа (теңгеге шаққанда) 387 486 теңге, Әзірбайжанда 46 881, Ресейде 57 мың теңгеден берген. Ал АҚШ үкіметі табыссыз қалған әр азаматқа 501 600 теңгеден таратса, Қырғызстан 1 мың сомнан (5 435 теңге) төмен табысы бар отбасыларға әлеуметтік көмек қарастырған.