Енді балабақшда ағылшын тілі міндетті пән ретінде оқытылмайды

0

«Министрлік білім беру мекемелерінде қазақ тілінің оқытылуына қатысты біршама ауқымды өзгерістер жасауда. Атап айтқанда, енді балабақшаларда ағылшын тілі міндетті пән ретінде оқытылмайды» деді министр Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында.

«Бала жастайынан өз ана тілінде тәрбие алуы керек. Осы тұста, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында: «Мектептердің бастауыш сыныптарында қазақ тіліне басымдық берілгені дұрыс» деген ұсынысы біздің жұмысымызда қолданылады.

Бұдан бөлек, қазақ тілінің бағдарламасы да өзгертілмек. Алдағы уақытта грамматиканы оқытуға бөлінетін сағат саны артады. Оқушының дұрыс жазуы мен сөйлеуі үшін, ойын тиянақты және сауатты жеткізудегі грамматиканың орны ерекше. Бұл тұста біз тағы да Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріне жүгінеміз.

Өздеріңізге белгілі, «Әліппені» мемелеттік стандартқа енгіздік, оның бағдарламасы да дайындалды, оқулық дайындалып апробацияға кіріп, келер оқу жылынан бастап біз бірінші сыныптарға Ана тілімен бірге қайта енгіземіз. Ол Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған методика бойынша дайындалуда.
Өйткені қазақ фонетикасын жетік меңгерген ғалым қазақ тілін үйретудің ең оңай принципін ұсынды. Отандық ғалымдар мен баспагерлер қазір осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Жақында Әліппенің жобалық нұсқасын қоғаммен бірге талқылаймыз» деді минситр.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз