Тоқаев жастар алдында маңызды проблеманы қозғады
Қысқа сілтеме алу
Президенттің пікірінше, Қазақстан біртіндеп суды өте көп қажет ететін өндірістерден құтылуы керек
НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар алдында су үнемдеу мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Қазақстан, сіздер білесіздер, өкінішке қарай, су тапшылығы бар ел. Бізге бұл проблемамен мұқият айналысуы керек», — деді Тоқаев президенттік жастар кардрлық резервімен кездесуде.
Президент экология, табиғи ресурстар және геология министрлігі мен жалпы үкімет алдына су саясатына қатысты міндеттер қойылғанын атап өтті.
«Бізге суды үнемдеуге қатысты жаңа тәсілдер мен жаңа технологиялар енгізу қажет. Біртіндеп суды көп қажет ететін өндірістерден құтылуымыз керек», — деп санайды мемлекет басшысы.
Тоқаев көрші мемлекеттермен трансшекаралық өзендердің суын рационалды пайдалану мәселесі дипломатиялық жолмен шешіліп жатқанын айтты.
«Алайда проблемаға жеңіл-желпі қарауға болмайды. Бұл өте күрделі проблематика. Индустриализациямен белсенді айналысатын мемлекеттер суды көп мөлшерде пайдаланғысы келеді. Өкінішке қарай, трансшекаралық өзеннің барлығы Қазақстанға қарай ағып жатыр. Яғни, өзендердің бастауы шекаралас елдерде, ал сағасы бізде орналасқан. Сол себепті біз географиялық жағдайды ескеріп, тиісті келіссөздер жүргізуіміз керек» – деді Тоқаев.
Тағы оқыңыз: Тоқаев «блатсыз» құрылған кадрлық резерв жастарымен кездесіп жатыр
Айта кетсек, Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттік жастар кадрлық резервімен кездесуі басталды.
Президенттің кадрлық резерві мемлекеттік қызметтің барлық деңгейіне жастарды тарту үшін құрылды. Алғашқы тізімге 300 адам еніп отыр.
sputniknews.kz