Тоқаев «жала жабуды» декриминализациялау, митингінің «ескерту» формасын енгізу жайлы айтты

0

20 желтоқсанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында «жала жабу» бабын Қылмыстық кодекстен алып тастап, Әкімшілік кодекске ауыстыру қажеттігін айтты.

– Бұл норма бойынша өткен талқылаулардан біріңғай шешім қабылдаудың соншалықты күрделі екенін көруге болады. Себебі барлық жағын: құқықтық, гуманитарлық, этикалық және халықаралық стандарттарды ескеру керек. Бұл бойынша барлық ұстанымдарды сараптай келе және мәселенің қыр-сырын ескере отырып, 130-бапты декриминализациялап, оны Әкімшілік кодекске ауыстыру туралы шешім қабылдадым, – деді Тоқаев.

Тоқаев сонымен бірге соңғы уақытта жиі айтылып жүрген бейбіт жиын өткізу мәселесін де қозғады. Ол Конституция талаптарына сәйкес, митингілерді өткізудің «ескерту» формасына көшу» керегін айтты. Оның айтуынша, «бейбіт жиын өткізу туралы» заң жобасы әзірленген.

«Онда [заң жобасында] мәслихат бекіткен арнайы орындарда өтетін бейбіт жиынның барлық формалары анықталады. Сонымен бірге ұйымдастырушы, қатысушы, бақылаушы ұғымдары және олардың құқықтары мен міндеттері анықталады. Мәселе түбегейлі жаңа заң туралы болып отыр. Бұл заң бейбіт жиын өткізудің барлық формасын өткізу тәртібін белгілейді. Үкімет заң жобасын парламент қарауына енгізуі керек» деді ол.

(Жаңалық толықтырылады).

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз