Тоқаев ұлттық кеңес мүшелері неліктен ауыстырылғандығы жайлы мәлімдеді — Қазақстан жаңалықтары

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев неліктен Ұлттық кеңес құрамы өзгертілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев

Бұл туралы президент Twitter желісіндегі парақшасында жазыды. 

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысына жұртшылықты кеңінен тарту мақсатында кеңес мүшелері алмастырылды. Ұлттық кеңеске белгілі қоғам қайраткерлері келді. Кеңестің бұрынғы мүшелеріне белсенді жұмыстары үшін ризашылығымды білдіремін», — деп мәлімдеді Тоқаев.

Атап кетерлік жайт, президент жанындағы ұлттық қоғамдық кеңесіне мына адамдар қосылды: 

Заңгер, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Башимов;

«Талбесік» көпбалалы аналар қозғалысының жетекшісі, журналист Ләззат Қожахметова;

Қоғам қайраткері, мәжіліс депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл;

Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының бас директоры Арман Қашқынбеков;

Заңгер, «Ізгілік елшісі» республикалық еріктілер қозғалысының жетекшісі Айнұр Сәбитова.

Қоғам қайраткері, «Мазмұндама» ҚБ төрағасы Шыңғыс Мұқан.

Еске салайық, бұған дейін Аружан Саин мен Арман Шораев ұлттық сенім кеңесі құрамынан шыққандығы жайлы айтылған еді. Олармен бірге ротация аясында Эльвира Азимова, Болат Палымбетов, Бақытжан Бұқарбай, Азаматхан Амиртаев Ұлттық кеңестен шығарылды.

 

stan.kz