Тоқаев үкіметке Қосшы ауылының тұрғындарын ауыз сумен қамтуды тапсырды
Қысқа сілтеме алу
Нұра өзені арнасынан тасып, елорда іргесіндегі Қосшы ауылының тұрғындары ауыз сусыз қалған
НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы ауылының тұрғындарын тез арада ауыз сумен қамтуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Үкімет пен Ақмола облысының әкіміне Қосшы ауылының тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін тез арада шешуді тапсырдым. Бұл тұрғындардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін жүйелі инфрақұрылымдық проблема», — деп жазды президент твиттердегі аккаунтында.
Айта кетсек, отандық телеарналардың бірі Нұр-Сұлтан іргесіндегі Қосшы ауылының 25 мың тұрғыны ауыз сусыз отырғанын хабарлаған еді.
Белгілі болғандай, Нұра өзені арнасынан тасып, салдарынан су жиналған ұңғымаларды басып қалған. Қазір Қосшы ауылының тұрғындары үйлеріне бөтелкелеп су тасуға мәжбүр.
sputniknews.kz