Әйел 8 жыл бірге тұрған күйеуінің некесіз туған 47 баласы бар екенін біліп қойды — Қазақстан жаңалықтары

0

Reddit сайтының қолданушысы күйеуінің некеден тыс 47 баласы бар екенін біліп қойғанын айтты. Оның сөзінше, күйеуі көптеген жылдан бері аталық ұрық доноры болып келген, деп жазады Stan.kz.

Әйел 8 жыл бірге тұрған күйеуінің некеден тыс 47 баласы бар екенін біліп қойды

Сурет: Көрнекі сурет

Әйелдің айтуынша, ол күйеуімен 8 жылдан бері бір шаңырақ астында тұрып келіпті. Осы уақыт ішінде олардың бір баласы дүниеге келген. Өз сөзінде әйел күйеуінің аталық ұрық доноры болып жүргенін әу бастан білгенін айтты. Десе де ол күйеуінен некеден тыс қанша баласы бар екенін сұрамаған. Көп болса 2 баласы бар деп ойладым, дейді ол.

Таяуда әйел күйеуіне сұрақты төтесінен қойып, неше баласы барын сұрапты. Өз кезегінде күйеуі мәліметтер базасында өзінен туылған 47 бала тіркелгенін айтады.

«Олардың саны осыншама көп деп ойламадым. Бұл туралы ертерек сұрамадым және сол кезде қателік жібердім. Маған бәрі бір екені немесе бұл туралы білгім келмейтіні туралы айтып келдім. Себебі оны кінәлай алмайтын едім…. Алайда 47 деген…  Құдайым-ай!» — деп жазады әйел. 

Ендігі әйел күйеуі қартайған кезінде балаларының бәріне көмектесуіміз керек бола ма деп алаңдайды. Балалардың бәрі 18 жасқа толғанда әкесі туралы мәлімет алуға құқылы. Сондықтан әйел ажырасып кетуді ойлап отыр. 

stan.kz