Тоқаев төтенше жағдайдан кейін қандай өзгеріс болатынын айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Бүгіннен бастап төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылады

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайдан кейін қандай шаралардың қолға алынатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

«Үкімет жаңа санитарлық ережелерді дайындап, енгізуі қажет. Шағын, орта, ірі компаниялар жаңа ережелерге сәйкес жұмыс істеуі керек. Әлеуметтік арақашықтықты сақтау, көпшілік жиналған жерде бетперде тағып жүру қалыпты жағдайға айналуға тиіс», – деді Тоқаев төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның соңғы отырысында.

Президенттің айтуынша, облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер қала береді. Ал қоғамдық көліктер жартылай жүктемемен жұмыс істейді. Жолаушылардан бетперде тағу талап етіледі. Көшеде топтасып жүретіндер 3 адамнан аспауы керек. Мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істей береді.

«Жеке кәсіпорын басшылары қанша қызметкерді жұмысқа шығаратынын өздері анықтауға тиіс. Жұрттың көбі әлі де үйде отыра тұрғаны дұрыс болар еді. Бұл – ең алдымен, адамдардың қауіпсіздігіне байланысты мәселе. Жұмыс орнында әлеуметтік арақашықтық пен қатаң санитарлық режим сақталуы қажет», – деп атап көрсетті Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтарға үйден қашан емін-еркін шығуға болатыны белгілі болды

Мемлекет басшысы індеттің екінші кезеңі басталып кетуі мүмкін екенін ерекше атап өтті.

«Сондықтан, өзіміздің аман-саулығымызға, ең алдымен, өзіміз жауапты болуымыз керек. Індет қайта өршіген жағдайда Үкімет нақты шұғыл іс-қимыл жоспарын дайындайды», – деді президент.

Айта кетейік, бүгіннен бастап төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылады. Ал карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз