Тоқаев тәртіп бұзғандар жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді
Қысқа сілтеме алу
7 ақпанда Масанчи ауылының тұрғындары арасында жанжал шықты. Полиция олардың әрекетін бұзақылық деп санайды
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының Масанчи ауылында болған жаппай төбелестен кейін мәлімдеме жасады.
«Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған», — деп жазды Тоқаев Twitter-дегі аккаунтында.
Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) February 7, 2020
Мемлекет басшысының мәліметінше, полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алған.
«Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады», — деп түйіндеді ол.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында жаппай төбелес болды — видео
Естеріңізге сала кетейік, кеше Жамбыл облысының Қордай ауданында жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Өңірлік полиция департаменті жағдайдың бақылауға алынғанын хабарлады. Тергеу басқармасында қылмыстық кодекстің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Төбелес қатысушылары анықталып жатыр.
sputniknews.kz