Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны артты

0
22

8 ақпан күнгі дерек бойынша, Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 722-ге жетті. 34 546 адамнан вирус табылған. Қытай билігінің дерегіне сүйенген Reuters агенттігі қазіргі кезде Қытайдан тыс 27 мемлекетте 320 оқиғасы тіркелгенін хабарлады.

Өткен жылдың соңында эпидемия басталмай тұрып, коронавирустың қаупі жайлы ескерткен, сол үшін жазаланған дәрігер Ли Вэньлян көз жұмғаннан кейін интернетте билікті сынаған пікірлер көбейді. Қоғам наразылығынан кейін билік жұрт көтерген «мәселелер толық зерттелгенге кейін» үкімет командасын тарататынын айтты.

Науқастарды емдеген 34 жастағы офтальмолог Ли Вэнлянь осы аптада коронавирустан көз жұмған. Сарапшылардың айтуынша, дәрігер науқастарды емдеген кезде оларға тым жақын отырған. Осылайша ауыр науқастанған. Ол вирус ошағы саналатын Ухань қаласында әріптестері мен қарапайым жұртты коронавирустан ертерек сақтандыруға тырысқан сегіз дәрігердің бірі болған. Полиция бұған дейін вирус жайлы «жалған ақпарат таратқаны үшін» сөгіс жариялаған.

Azattyq