Тоқаев су тасқынынан қаза тапқандарға байланысты Корея президентіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяның президенті Юн Сок Ёлге көңіл айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны мен көшкін салдарынан көптеген адам шығынына байланысты Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёлге көңіл айту жеделхатын жолдадыа.
«Қазақстан халқының атынан және өз атымнан табиғи апатта қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, хабар-ошарсыз кеткен азаматтардың отбасыларына оралуын тілеймін», – делінген жеделхатта.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяда су тасқыны мен көшкін салдарынан 32 адам қаза тапқаны белгілі болды.