Тоқаев сайлаудағы жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

0
49

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,76 процент сеніміне ие болды

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауындағы айқын жеңісінен кейін БАҚ өкілдерінің алдына шығып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Ең алдымен маған дауыс берген Қазқастан азаматарына алғыс. Бұл – үлкен жауапкершілік. Бұл жауарпкешілікті орындау – мен үшін үлкен міндет. Бұл – халықтың сенімі. Сайдау әділ өтті», – деді Тоқаев.

Айта кетсек, Қазақстанда 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Осы жолы мемлекет басшысы лауазымына жеті кандидат таласты.

10 маусымда Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Nur Otan партиясы атынан сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76% дауыс жинап, жеңіске жетті.

Әміржан Қосанов – 16,02%, Дания Еспаева – 5,2%, Төлеутай Рақымбеков – 3,2%, Амангелді Таспихов – 2,07%, Жамбыл Ахметбеков -1,82%, Сәдібек Түгел – 0,92%.

Өңірлер арасында қарайтын болсақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа ең көп дауысты Алматы облысының, ал ең аз дауысты Маңғыстау облысының тұрғындары берген.

Дауыс беруге қазақстандықтардың 77,4 проценті қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы айқын жеңісімен Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Ресей президенттері құттықтады.



sputniknews.kz