Тоқаев Қырғыз еліндегі жағдайға пікір білдірді: Жээнбеков – мемлекеттің легитимді басшысы
«Бауырлас Қырғыз еліндегі жағдайдың біртіндеп конституциялық жолға қайтқаны қуантады. Біз барлық саяси күштерді қақтығыстардың алғашқы сәтінен ақ сабырға шақырдық» деді Тоқаев өзінің туиттер парақшасында.
«Президент С.Жээнбеков – мемлекеттің легитимді басшысы. Сондықтан оның қақтығыстарды тоқтатып, елдегі ахуалды қалыпқа келтіруге бағытталған әрекеттерін қолдаймын. Қазақстан үшін Қырғызстандағы тұрақтылық стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде маңызды» деді Тоқаев.
Бауырлас Қырғыз еліндегі жағдайдың біртіндеп конституциялық жолға қайтқаны қуантады. Біз барлық саяси күштерді қақтығыстардың алғашқы сәтінен ақ сабырға шақырдық.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) October 13, 2020
Президент С.Жээнбеков – мемлекеттің легитимді басшысы. Сондықтан оның қақтығыстарды тоқтатып, елдегі ахуалды қалыпқа келтіруге бағытталған әрекеттерін қолдаймын. Қазақстан үшін Қырғызстандағы тұрақтылық стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде маңызды.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) October 13, 2020