Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады: Шығындарының барлығын мемлекет көтереді

0

Елдегі жаппай вакцина салу науқанының басталуына байланысты мемлекет басшысы Twitter парақшасында үндеу жасады, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазба қалдырып, екпенің маңыздылығына тоқталды.

«1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді. Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын», — делінген Президент жазбасында.

«Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын» деп қосты Тоқаев.