ШҚО-да екі адамды қасқыр талап тастады

0

Шығыста екі адамды қасқыр талап тастады. Бұл туралы KzNews ақпарат агенттігі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Сағат 21:30-да даладағы малдарды қораға кіргізу үшін әйелі және баласы шыққан. Сол кезде қасқыр әйелі мен баласына шабуыл жасап, жарақаттаған.

Әйелі мен баласының айқайлаған дауысына айыр ұстап шыққан үй иесі қарсы атылған қасқырды шаншып өлтірген. Жұбайының оң қолын қасқыр жұлып кеткен, баласының аяғына тістерінің ізі басқан. Қазір олар аудандық ауруханада», — дейді Маралды ауылдық округінің әкімі Фархат Өжікенов.

Қасқыр ветеринарлық зертханаға жөнелтілді. 8 жастағы бала мен оның анасы аудандық ауруханаға жеткізілді