Тоқаев президент ретінде неліктен алдымен Ресейге барды

0
109

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Тоқаевтың Ресейге сапарының маңыздылығын түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Ресей Федерациясы  Қазақстанның басты серіктесі және одақтасы саналады, деп мәлімдеді Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.

Ол Қазақстанның қазіргі басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы саясат мәселелерінде Елбасының жолын қуатынын атап өтті. Қазақстан Ресей Федерациясымен стратегиялық, одақтастық қарым-қатынасты қолдайды.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан президенті ретіндегі алғашқы сапарын Ресей Федерациясына жасап, ел басшылығымен сындарлы әңгіме құруы кездейсоқ жағдай емес», – деді Әшімбаев ресейлік журналистермен кездесуінде.

Оның айтуынша, Тоқаевтың Ресейге қатысты ұстанымы анық – бұл ел Қазақстанның басты серіктесі әрі одақтасы. Бұдан бөлек Әшімбаев Қазақстан Қытай және АҚШ-пен экономика, сауда, инвестициялық ынтымақтастық, мәдени-гуманитарлық байланыстар саласындағы қарым-қатынасын нығайтатынын атап өтті.

«Еліміз үшін  еуропа елдерімен және Орталық Азиядағы көршілерімен қарым-қатынасын дамыту маңызды», – деп қорытындылады Әшімбаев.

3 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті лауазымында алғашқы шетелдік ресми сапарын жасады: мемлекет басшысы Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына барды.

Қазақстандағы президент сайлауы

Кезектен тыс президент сайлауы осы жексенбі, 9 маусымда өтеді.

Осы жолы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне жеті кандидатты тіркеді:

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • «Ауыл» партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.



sputniknews.kz