Тоқаев Премьер-Министрге Үндістанға көмек жіберуді тапсырды

0

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады.

Үндістандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке аталған елге 6 миллион медициналық маска, 400 мың респиратор, 50 мың обаға қарсы арнайы киім және елімізде өндірілген 105 жасанды жолмен дем беру аппараттарын гуманитарлық көмек ретінде жіберуді тапсырды.

Кездесу соңында Президент халыққа вакцина салу жұмысының қарқынын төмендетпеуді, азық-түлік тауарларының бағасын бақылауда ұстауды тапсырды. Мемлекет басшысы өте қысқа уақытта коронавирусқа қарсы вакцина жасап, оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына тіркеген қазақстандық мамандардың еңбегін оң бағалады.