«Әуе шары электр бағанына құлаған»: Шымкентте 4 мың отбасы жарықсыз қалды

0

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Бекен Қоныс желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін кешкі сағат 20:24 шамасында Тұран шағын ауданында жеке кәсіпкер әуе шарын жинау барысында апатты оқиға орын алған.

Яғни желдің соғуы себебінен әуе шары басқарылмай 10 кВ әуе желісінің үстіне құлап, электр желілері үзілді. Сондықтан Тұран шағын ауданы мен Шымсити, Асар-2 шағын ауданы және New City көпқабатты тұрғын үйлеріндегі 4 мыңға жуық абонент электр қуатынсыз отыр», — деді ол.

Оның айтуынша арнайы бригадалары жағдайды қалпына келтіру бойынша жұмыс жасауда.

Тексеру жұмыстары жүргізілуде.