Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы нені талқылады?

0
1088

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Украина президенті Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Әңгімелесушілер Украина төңірегіндегі жағдай туралы пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы соғыс қимылдарын тоқтату мақсатында келіссөздерде келісімге келудің маңыздылығын мәлімдеді. Мемлекет басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығы туралы келісті», — деп хабарлады Ақорда.

Бұған дейін Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Зеленскийдің Тоқаевқа телефон соққанын айтқан болатын.