Тоқаев оқытушысы 600 мың тг. айлық алатын Ұлттық университет ректорын қабылдап, тапсырмалар берді

0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовты қабылдады.

Мемлекет басшысына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің биылғы жұмыстары және Оқу орнын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жоспары туралы ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев университет жұмысының қорытындыларына оң баға беріп, оның аймақтағы жетекші жоғары оқу орны ретіндегі халықаралық мәртебесін нығайту қажеттігіне назар аударды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына университет жанынан ашылған «Абай академиясы» туралы мәлімет берілді. Президент шетелде Абай Құнанбайұлының мұрасын ұлттық бренд ретінде насихаттау жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Сыдықовқа Еуразия Ұлттық университетінің базасында ашылатын оқу-зертханалық кешенінің құрылысы жөнінде және басқа да бірқатар тапсырма берді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ерлан Сыдықов өзі басқаратын ЖОО-да 600 мың тг. айлық алатын оқытушылар бар екенін айтып мақтанған болатын.