Тоқаев миллионнан астам қазақстандықтың жалақысын арттыруға ниетті
Ең үлкен өсім мұғалімдерге, медициналық қызметкерлерге және әлеуметтік қорғау бойынша әлеуметтік-медициналық мекемелердің қызметкерлеріне тиесілі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдаған кезде оның ел азаматтарының жалақысын көтеру ниеті туралы айтты, деп хабарлайды Akorda.kz.
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет 2020 жылы бюджет саласындағы 883 мың қызметкердің еңбекақысын өсірген. Атап айтқанда 609 мың педагогтың жалақысы 25 пайызға, 215 мың медицина қызметкерінің еңбекақысы 30 пайызға дейін, мәдениет, архив және өнер саласындағы 34 мың қызметкер мен әлеуметтік қорғау саласындағы 25 мың қызметкердің жалақысы 50 пайызға дейін көбейген.
Президент биыл да бюджет саласындағы 1 миллион 70 мың қызметкердің еңбекақысын, оның ішінде, 785 мың педагогтың жалақысын 25 пайызға, 247 мың медицина қызметкерінің еңбекақысын 30 пайызға, әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік-медициналық мекемелердің 38 мың қызметкерінің жалақысын 45 пайызға дейін арттыру жұмысын жалғастыру аса маңызды міндет деп есептей