Тоқаев: Мен өзім кейбір оқулықтарды оқып, сапасының төмендігіне таң қалдым

0
477

Бұл туралы мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

«Мектептерде пайдаланылатын тарих оқулықтарында бұрмаланған мәтіндер көп. Мен өзім кейбір оқулықтарды оқып, сапасының төмендігіне таңғалдым.

Тарихи оқиғалар мен фактілер оқушыларға бұрмалаусыз жеткізілуі тиіс. Сол себепті «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» бойынша бірыңғай мектеп оқулығын әзірлеуді және енгізуді тапсырамын», деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін 800 жаңа мектеп бой көтеретінін еске салды. Ол биыл 200 жаңа мектеп салуды тапсырды.