Тоқаев мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетін күнді белгіледі
Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылдың 19 наурызында өтеді, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram арнасы.
«Мемлекет басшысы 2023 жылғы 19 қаңтардағы жарлығымен жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін таратып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындады», — делінген хабарламада. Еске сала кетейік, бұған дейін президенттің 19 қаңтардағы жарлығымен парламент мәжілісі таратылғанын хабарлаған едік.