Тоқаев Мәскеуде болған апатқа қатысты Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

0

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде болған апатқа қатысты Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне Мәскеуде болған ұшақ апатына қатысты көңіл айтты.

«Ресей президенті Владимир Путинге Шеремьетево әуежайында болған қайғылы оқиғаға қатысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Қаза болғандардың жақындары мен туыстарының қайғысына ортақпын», — деп жазды Тоқаев твиттерде.

Айта кетейік, Мәскеудің «Шеремьетово» әуежайында ұшақ өртеніп, 41 адам мерт болған еді. Адамдардың көптеп қаза болуына жолаушылардың сөмкесін алуға таласқаны себеп болды.

stan.kz