Тоқаев есірткі таратушыларды өмір бойына бас бостандығынан айыруды ұсынды

0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев есірткі таратушыларды өмір бойына бас бостандығынан айыруды ұсынды.

«Бұл өте өзекті тақырып. Біз, сенаторлар есірткі таратушыларды қылмыстық және сот тәртібімен қуадалауды күшейтуіміз керек. Мүмкін, өмір бойына бас бостандығынан айыру қажет болар. Одан да қатаң жаза қажет болуы мүмкін. Себебі, бұл мәселе мемлекеттің ұлттық мүдделерімен байланысты және террористік әрекетке теңелуі мүмкін», — деді Тоқаев.

Бүгін Парламент Сенатының отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы қабылданды. Аталған заң есірткінің жаңа түрлеріне тыйым салуды көздейді. Сондай-ақ, бүгінгі отырыс барысында сенатор Сәуле Айтпаева елімізде есірткі мәселесі аса өзекті екенін айтты.

Бұған дейін Сенат отырысында Жоғарғы соттың үш судьясы қызметінен босатылған болатын. Сонымен қатар, «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасы қабылданды. Және ІІМ есірткінің жаңа түрлеріне тыйым салатын заң қажет екенін айтты.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ