Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясы сессиясында бейнеүндеу жасайды

0
1

Президент БҰҰ бас ассамблеясының 75 жылдығына және жалпы дебаттардағы күн тәртібіне байланысты ағылшын тілінде екі бейнеүндеу жасайды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас ассамблеясының 75-сессиясының жұмысына қатысады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

Коронавирус пандемиясы әлі жалғасып жатқандықтан, мемлекет басшылары бейнебайланыс форматында сөз сөйлейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас ассамблеясының 75 жылдығына және жалпы дебаттардағы күн тәртібіне байланысты ағылшын тілінде екі бейнеүндеу жасайды.

Қазақстан президенті 21 қыркүйекте Біріккен ұлттар ұйымы 75 жылдығына арналған жоғары деңгейдегі кездесуге, 23 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының жалпы дебатына қатысады.

Өз баяндамаларында халықаралық өзекті мәселелерді шешу ісіндегі әлемдік қоғамдастықтың іс-қимылдарын үйлестірудің маңыздылығын, атап айтқанда коронавирус індетімен күрес, жаһандық экономикалық өсімді қалпына келтіру, терроризмге қарсы іс-қимыл, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану, климаттың өзгеруі сияқты проблемаларды көтереді.

Мемлекет басшысы БҰҰ-ға қатысты сыни пікірлердің айтылғанына қарамастан, ол әлемдік саясатта шешуші рөл атқаратын баламасы жоқ ұйым екеніне тоқталады. 2030 жылға дейінгі күн тәртібіндегі тұрақты даму мәселелердің жүзеге асырылуы, халықаралық саясаттағы БҰҰ-ның рөлін күшейту, Орталық Азиядағы өңірлік ықпалдастық салалары бойынша жүзеге асырылуы тиіс мәселелерді қозғап, бірқатар халықаралық бастамаларды ұсынады.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз