Тоқаев білім министрінен алдағы жоспары туралы сұрап білді

0
59

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Президенті білім министрі мен республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдап, ведомствоның қазіргі жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы сұрап білді.

Қасым-Жомарт Тоқаев білім бағдарламалары мен оқыту деңгейі заман талабына сай келмейтін жоғары оқу орындарының лицензияларын өздігінен қайтарып алу мәселесінде министрлікті қолдады және аталған мәселе бойынша заңнамалық деңгейде тиісті нормативтік-құқықтық база әзірлеуді тапсырды, деп хабарлады Ақорда.

Сонымен қатар президент министрлікке 12 жылдық оқу мерзіміне қажетті инфрақұрылымды, бағдарламалар мен жалпы білім жүйесін дайындауға басымдық бере отырып, жүйелі түрде, асықпай көшу керектігі жөнінде айтты.

Тағы оқыңыз: Кінәлілер анықталады: Тоқаев мәлімдеме жасады

Ақорданың хабарлауынша, президент республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годуновамен де кездесті. Ол Тоқаевқа Қазақстан халқына арналған жолдауындағы тапсырмалардың орындалу барысын баяндаған.

Президент квазимемлекеттік сектор жұмысының тиімділігі жайындағы талдау нәтижелерімен танысты.

Годунова бірқатар өңірдегі, атап айтқанда, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Алматы қаласына, сондай-ақ, жекелеген мемлекеттік органдарға жүргізілген аудит барысы жөнінде мәлімет берді. Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берген.



sputniknews.kz