Тоқаев Берік Асыловты Бас прокурор етіп тағайындады

0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Асыловты Бас прокурор қызметіне тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалсын» делінген Тоқаевтың жарлығында.

Еске салсақ, бұған дейін Асыловтың кандидатурасын Сенат мақұлдаған болатын.

— Асылов 2019 жылдың наурыз айында Бас прокурордың бірінші орынбасары болған.

— 2017 жылдың ақпан айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры қызметін атқарды.

— 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы қаласының прокуроры болған.