Тоқаев: «Әулие Валентин күні» ел болмысы мен салтына қарсы ұғым
«Әулие Валентин күні» атап өту біршама мемлекеттерде қалыптасқан дәстүр. Елімізде 14-ші ақпан ресми мейрам күні деп жарияланбаса да, халықтың бір тобы бұл күнді мейрам деп есептейді. Кейбіреулері қайталанбас махаббат аңызын толықтай біліп, түсінгендей боп тойласа, енді біреулері тіпті анық-қанығын білмесе де елеуге тырысады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2017 жылы-ақ бұл күн туралы өз көзқарасын айтқан болатын.
«Әулие Валентин Күні» Батыстан келген, еліміздің болмысына және салт-дәстүріне мүлдем қарсы болып тұрған ұғым. Жастарымыз оны түсіну керек» деген болатын Тоқаев.
"Әулие Валентин Күні" Батыстан келген, еліміздің болмысына және салт-дәстүріне мүлдем қарсы болып тұрған ұғым. Жастарымыз оны түсіну керек.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) February 14, 2017