Алматы облысында перзентхана қызметкерлері отырған шағын автобус аударылды (видео)

0

Әлеуметтік желілерде Есік қаласы перзентхана қызметкерлері отыған шағын автобустың жол жиегінде аударылып жатқан суреттері мен видеолары тарап жатыр.

«14 ақпан күні таңғы сағат 07:40 шамасында Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне Талғар-Есік-Бәйдібек би тас жолының 72-ші шақырымында болған жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы бұған дейін Mercedes-Benz Sprinter көлігінің 41 жастағы жүргізушісі шығыс бағытта, Сатай ауылының маңында, мұз және тұман себебінен рульді басқаруды жоғалтып, аударылған,» деді Алматы облысы ДП баспасөз қызметі.

Департамент жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын айтты.