Тоқаев Алматыда жүргенде Назарбаев Шавкат Мирзиёевпен кездесті

0

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті.

«Кездесуде Елбасы мен Өзбекстан Президенті екі ел қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, ұлтаралық келісімді нығайту жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар тараптар Түркі кеңесі аясындағы интеграция мәселелерін талқылады», — делінген Елбасының ресми сайтында.