Тоқаев Аида Балаеваға қандай тапсырма берді

0
0
Advertisement

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Кездесу барысында Аида Балаева министрліктің атқарып жатқан жұмысы және таяу болашақтағы жоспарлары туралы баяндады

АЛМАТЫ, 1 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлады Ақорда сайты.

Кездесу барысында Аида Балаева министрліктің атқарып жатқан жұмысы және таяу болашақтағы жоспарлары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы шараларға және азаматтық қоғамды дамытуға баса назар аудару қажеттігін атап өтті. 

«Сондай-ақ халықпен кері байланыс жұмысын күшейту, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс нормаларын жетілдіру, мемлекеттік медиаресурстарды оңтайландыру, салалық журналистиканы дамыту мәселелері де қозғалды», – делінген ақпаратта.

Аида Балаева Қасым-Жомарт Тоқаевқа жақында құрылған этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитет пен қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының міндеттері жайында мәлімет берді.

Президент ақпараттандыру және қоғамдық даму бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде тапсырма берді.

Айта кетейік, президент жарлығымен 2020 жылдың 5 мамырында Аида Балаева ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды. Оған дейін бұл қызметті Дәурен Абаев атқарды. Абаев президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз