Тоқаев: 2025 жылға дейін білім саласына бөлінетін қаражат 6 есеге өседі – Қазақстан жаңалықтары

0

Білім беруді және ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын реформаларды қайта зерттеу қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Ұлттық кеңес 1 жылға жуық уақыт аралығында аса маңызды әрі ауқымды реформаларды пысықтап, жүзеге асырды. Қоғамдық диалогтың ұлттық моделі өз тиімділігін көрсетті. Қазір алдағы кезеңнің күнтәртібін анықтап алуымыз қажет. Кез келген мемлекет үшін адами капитал басты өлшемге айналды. Осы орайда біліктілік мәселесі айрықша маңызға ие болып отыр. Әр азамат өзінің жеке жетістігі арқылы бүкіл елдің табысты болуына, өсіп-өркендеуіне үлес қосады. Сондықтан бүгінгі отырысты адами капиталдың негізгі бағыттарын дамыту мәселесіне арнадық. Бұл білім беру, ғылым және денсаулық саласы»,- деді мемлекет басшысы.

ҚР президенті білім беру және ғылым жүйесін реформалауды талап етітіндігін айтты.

«Енді бұл саланың маңызы арта түсетіні анық. Тіпті экономиканың өзі соған тәуелді болмақ. Біз білім мен ғылым саласының болашақтағы рөлін айқын түсінуіміз керек. Бүкіл мемлекеттік саясатты соған сәйкес жүзеге асырамыз. Білім беруді және ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын реформаларды қайта зерделеу қажет. 2025 жылға дейін білім саласына бөлінетін қаражат 6 есе, ғылымға бөлінетін қаржы 7 есе өсетінін ескерген жөн», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз