Тоқаев қазақ тілін тиімді үйретудің әдісін тапты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

10 0 0

Президент тіл комитетін 2021 жылдан бастап білім және ғылым министрлігінің қарамағына өткізу қажеттігін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін оқытудың тиімділігін барынша арттыру үшін тіл комитетін білім және ғылым министрлігінің қарамағына өткізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент мемлекеттік тілді оқытуда Еуропа елдерінің тәжірибесін мысалға келтірді.

«Олар тіл үйрету барысында, негізінен, оқу орындарындағы жастарға көбірек мән береді. Сондықтан тіл комитетін 2021 жылдан бастап білім және ғылым министрлігінің қарамағына өткізген жөн. Бұл қазақ тілін оқыту әдістемесін әзірлеу және оны үйрету ісіне қатысты әлеуетімізді бір орталыққа шоғырландыруға мүмкіндік береді», — деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, мұндай қадам қолданысқа енгізілетін оқу бағдарламаларының тиімділігін талдау және мониторинг жүргізу жүйесін жасауға септігін тигізеді.

Айта кетсек, қазір тіл саясаты комитеті мәдениет және спорт министрлігіне қарайды.

Оқи отырыңыз: «Кім жауап береді?»: депутат қазақ тілінің мәселесін көтерд



sputniknews.kz