Толқын Забирова жол апатына түсті

0
370

Әнші Толқын Забирова жол апатына ұшырады. Бұл жайында ол өзінің Instagram парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.

«Алдына кішкентай балаларын отырғызып, көлік жүргізіп келе жатқан ата-аналарды түсінбеймін. Одан бөлек, ұялы телефонына үңіліп, бар назары басқа жақта жүретін жүргізушілерді де жиі кездестіреміз. Олар өзін ойламаса да, айналасындағы адамдарды ойласа екен дейсің.

Біреудің алаңғасарлығынан жол апатына ұшырадым. Бір мезгіл есімнен танып, болған жағдайды түсінбей қалдым. Телефонға телмірген жас бала тежегішті басуды ұмытып, біздің көлікке келіп соғылды. Денсаулығыма зақым келді, бірталай концерттен шет қалдым.

Енді мен оны «жас бала ғой» деп кешіре салуым керек пе, жоқ әлде сабақ болсын деп жазалағаным дұрыс па?!

Алла берген өмірді үзіп жіберуге ешкімнің қақысы жоқ! Соны ұмытпау керек! Біз асыққанмен, Алла асықпайды! Әрине, бұған ешқандай заң шығара алмайсың. Ол заң әр адамның санасында болуы керек! Бір-бірімізге жанашыр, мейірімді, жауапты болайық. Амандыққа не жетсін, ағайын! Өмір сүру қандай тамаша!» – деп жазды Толқын Забирова.

(Фото ашық ақпарат көздерінен)