Тойда биге берілген келіншектің іш киімі шешіліп қалды (видео)

0

Әлеуметтік желіде тойлардың бірінде түсірілген қызықты видео тарап кетті. Бейнежазбадан «мың бұрала» билеген келіншектің іш киімі түсіп қалғанын байқауға болады деп жазады NUR.KZ.

Қызықты бейнероликте тойда ортаға шыққан жұптың жан-тәнімен беріліп билегені көрініс тапқан.

Бір мезетте «майысып» қимылдаған келіншектің іш киімі түсе бастайды. Видеодан оның панталон екенін аңғаруға болады.

Алайда бұл жағдай әйел адамның көңіл-күйін түсірмеген. Керісінше, ол өзінің жылдам биін жалғастыра береді.

Айта кетерлігі, аталған видеоның қашан және қайда түсірілгені белгісіз.