Тоғжан Қожалиева: «Тілеухановтарға мұрагер туып бере алмадым»

0

       Атақты Тілеухановтар отбасында орын алған оқиғаны соңғы аптада барлық әлеуметтік желілер жариялауда деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі. Келіндері Тоғжан Қожалиева әлеуметтік желіде он екі жыл отасқан жармен ажырасып жатқанын мәлімдеген еді. Оның күйеуі Мейрам Тілеухан жақында ресейлік танымал бет әрлеушісімен некесін қиды.  

Ажырасу туралы толығырақ Тоғжан Қожалиева Динара Сәтжанға берген эксклюзивті сұхбатында баяндап берді. Оның айтуынша, бір қыздарынан кейін Тоғжан бала көтере алмаған. Көп жылдар бойы емделген. Бірақ, еш нәтиже болмаған.

«Тоқал екенін мойындаған әйелді бәйбіше ретінде қабылдап, жақсы қарым-қатынаста болуға дайын едім» деп мәлімдеді Тоғжан Қожалиева.