65 жасқа толған Роза Рымбаеваны шоу-бизнес өкілдері мерейтойымен құттықтады (фото, видео)

0
1712

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген әртіс Роза Рымбаева бүгін 65 жасқа толды. Туған күнінде Түркия елінде ән кешін өткізуді жоспарлаған халық әртісін өнердегі әріптестері мерейтойымен құттықтаған, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Қазақстанның жұлдызды әншісі Instagram парақшасында биылғы мерейтойын Түркияның Белек қаласында өткізетінін айтты. Өнер иесінің мәліметінше, ол шетелде жеке концертін өткізу және демалу мақсатымен бара жатыр. «Түркияға ұшып бара жатырмын. Туған күнімді Белек қаласында сахнада концертпен атап өтемін. Солай болып қалды, туған күнімді сол жерде тойлайтын болдым.

Әрине, Алматыда сахнада өткізу керек еді. Бірақ ол концерттің не болғанын өздеріңіз білесіздер. Құдайға шүкір, кеше Астанада жеке кешімді өткіздім. Енді Түркияда концерт қоямын», — деді әнші видеода. Қазақстанның жұлдызды әншісін ең алдымен ұлы Әли Оқапов құттықтаған.

Айта кетейік, Роза Рымбаева 1957 жылдың 28 қазанында бұрынғы Семей облысы Жарма ауданы Жаңғызтөбе станциясында теміржолшы отбасында дүниеге келді. Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанған. Әнші 1979 жылы дирижер, композитор Тасқын Оқаповқа тұрмысқа шығып, Әли мен Мәди есімді екі ұлды дүниеге әкелді.