Төбесінен су ағып, қабырғалары көгерген: БҚО-да науқас желіге жариялаған видеоны аурухана басшылығы өшіруді сұраған — Қазақстан жаңалықтары
Науқасты БҚО ауруханасында түсірілген бейнежазбаны өшіріп тастауын өтінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысындағы Даринск ауылындағы аудандық аурухананың ем қабылдап жатқан азаматша YouTube-те медициналық мекеменің қорқынышты жағдайын көрсететін видео жариялапты.
Видеоның авторы — 32 жастағы Мария Борисенко. Ол жылына екі рет омыртқа ауруына байланысты емдеуден өтеді.
Видеодан анық көрініп тұрғандай, аурухананың бөлмелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілмегені, бөлмелердің бірінде шатырдан су ағып, бұрыштарда тесіктер және зең пайда болған байқалады. Науқастар қабырғалар көгеріп кеткен жерде емделетін көрінеді. Қыс мезгіліне қарамастан дәретханада терезе жабылмайды екен. Дәретхананың өзі мүлдем ыңғайсыз. Борисенконың айтуы бойынша, науқастарға «бұл бөлмеге қолдануға мүлдем келмейді». Жуынатын бөлме болса да, науқастар оны қолданбайды. Бейнежазбада жуынатын бөлмеде бірнеше шелектер бар екендігі, алайда ол шелектер басқа мақсатта қолданылатыны көрсетілген.
Борисенконың сөзінше, бұл ауруханада соңғы рет ол 17 жаста болған, содан бері ештеңе өзгермеген.
«Мемлекет жөндеу жұмыстарына ақша бөле алмайды ма? Көптеген адамдар ашуға булығып отыр, бірақ барлығы үнсіз, олар ештеңе жасамайды. Мүмкін менің жан айқайым, жоғарыдағы адамдарға жетеді және олар бірдеңе жасайды» — деп сұрады ол.
Бейне жарияланғаннан кейін аудандық аурухананың әкімшілігі жарияланған видеоға түсініктеме берді.
«Біріншіден, біз науқас жатқан бөлмедегі жөндеу жұмысына байланысты жауап бергіміз келеді, ауа- райының қолайсыздығына байланысты (2-3 күн бойы қар жауды, қатты жел соғып тұрды), су шатырдың астына өтіп, температураның күрт төмендеуінен мұз пайда болды. Сондықтан жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізу мүмкін болмады. Сонымен қатар науқастарды басқа бөлмеге ауыстыра алмадық. Ал, дәретханадағы жиек ауруханада ем қабылдап жатқан науқастардың өтініші мен тілегі бойынша алынып тастады. Ауруханадағы жуынатын бөлмені белгіленген тәртіпке сәйкес уақытта қолдануға болады. Емханада электр шайнектері бар, бірақ бейнені жазу кезінде олар болмаған, өйткені жас аналар балаларының қауіпсіздігі үшін оларды алып тастауды өтінді. Аурухана әкімшілігі барлық тілектерді ескере отырып, күн сайын өз науқастарына барлық жағдайларды жасауда. Аурухана ұжымы әрдайым жауапкершілікке ие және жоғары білікті », — деді медициналық мекеме әкімшілігі жауап ретінде.
Өз кезегінде Мария Борисенко аурухана әкімшілігі оған қоңырау шалып, бейнені өшіріп тастауын өтінгендерін айтты.
«Бұл ақтаулар өздерінің бесінші нүктелерін жабу үшін айтылған. Олар менімен хабарласып, бейнені өшіріп тастауымды өтінді. Олар айна туралы жазуды ұмытып кетіпті, ауру адамдар өздерінен қорықпау үшін барлық жерде айна болмайтындығын айтты. Бұның бәрі бос әңгіме мен сылтау деп ойламайсыздар ма!?», — деп қосты азаматша.
stan.kz