«Тірі қалу үшін»: Лаоста еңбек құлдығына түскен қазақ қызы Анель жазбаларын өшірді
Лаосқа барған қазақстандық актриса Анель Бермағанбетова өміріне қауіп төнгеніне байланысты еңбек құлдығы туралы посттарын алып тастады.
Айтуынша, ол тірі қалу үшін осылай жасаған, деп хабарлады turkystan.kz.
Ол 24 тамыз күні сағат 11.00 шамасында жазба жариялаған еді. Онда былай деп жазған:
«Кеше менеджерлердің бірі мас болды. Ол бәрінің көзінше маған келіп, телефонымды жұлып алды, сындырғысы келді. Оның ашуланып тұрғанын көрдім, енді маған қол көтеруі мүмкін екенін түсіндім. Мұның бәрін олардың полициясы мен айналасындағылар бақылап отырды. Содан кейін аман қалу үшін барлық постым мен сториздерді өшіретінімді айттым».
Қазақстандық актриса Анель Бермағанбетова өзін жұмыс берушілер алдап әкеліп, Лаос елінде күштеп ұстап отырғаны жайлы әлеуметтік желіге жазған болатын.