Тиматидің бұрынғы әйелі сәукеле киді
Тиматидің бұрынғы әйелі Анастасия Решетова сәукеле киіп, Қазақстанға деген сүйіспеншілігін мойындады.
Ол қазақтың ұлттық киіміндегі суреттерін жариялады.
«Бұл мен болған ең әдемі әрі қонақжай елдердің бірі деп еш әсірелемей айта аламын. Ұшақ қонған сәттен бастап жылы сезім пайда болды, өзімді үйде жүргендей сезіндім. Маған үнемі «Қазақстан сені жақсы көреді» деп жазған кезде, болашақта соны сезініп көремін деп ойламадым және бұл шынымен де солай екенін білмедім. Енді «Қазақстан, мен де сені жақсы көремін»деп нақты айта аламын», — деп жазды Решетова.
View this post on Instagram
«Қазақстанға алғаш рет келуіме орай маған қазақ қыздарының әдемі дәстүрлі бас киімі — сәукелені сыйға тартты. Мұндай сәукелені қыздар үйлену тойына киеді және тұрмысқа шыққаннан кейін бір жыл бойы мереке күндері киіп шығады, сондай-ақ бұл бас киім — жаңа өмірдің басталуының нышаны. Бұл бойжеткеннің бейқам өмірі мен отбасылық өмірдің басталуы арасындағы естелік. Өте құнды сыйлық @stylus.photo», — деп жазды ол.