Ұйқыдан оянғанда жанында жатқан: үй иесі қонаққа келген жігітті бөлшектеп тастады

0

Күдікті кінәсін мойындады. Сот шешімімен ер адам қамауға алынды

Ресейдің Сахалин облысында тергеушілер өткен жылдың қыркүйегінде жасалған қылмыстың бетін ашты. Күдіктінің пәтерінен тоғыз ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның бөлшектелген денесі табылды, деп жазады lenta.ru.

Қайғылы оқиға Корсаков қаласында болған. 31 жастағы ер адам 56 жастағы күдіктінің үйіне қонаққа келеді. Ішімдік ішкеннен кейін үй иесі ұйықтап қалады. Оянған кезде ол жанында жатқан жігітті көреді. Осы жағдайға байланысты екеуінің арасында жанжал шығып, күдікті қонағының басынан ұра бастайды. Алған жарақатынан ер адам сол жерде көз жұмған.

 

Осыдан кейін үй иесі мәйітті бөлшектеп, бір бөлігін жақын маңдағы орманға апарып лақтырған. Ал қалғанын пакетке орап, екінші бөлмедегі төсектің үстіне тастаған. Ер адамның денесі осы жерде тоғыз ай бойы жатқан.

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол кінәсін мойындады. Сот шешімімен ер адам қамауға алынды.