«Тіл тартпай қайтыс болған»: Алматы облысында жүйіткіген автобустан әйел құлап кеткен — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысында жүйіткіп келе жатқан автобустан әйел құлап, тіл тартпай қайтыс болды. Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға жүргізушінің қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеп. 

автобус

47 жасар Жайнагүл Халық Алматыға Моңғолиядан бірнеше аптаға ғана келген. Мегаполистің көрікті жерлерін көріп, әйел Үмбетәлі ауылында тұратын туысқандарына барып қайтуды ойлаған. «Алтын Орда» базарындағы автобустардың біріне отырған. Тіпті көлік жүргізушісі есіктерін жаппағанына назар аудармаған.  Куәгерлердің айтуынша, бұрылыстардың бірінде әйел қозғалып келе жатқан автобустан құлап кеткен.

«Барлығы болған жағдайдың түрлі нұсқаларын айтады. Автобустың жүргізушісі жылдамдықты асырмағанын, бұрылыста бұрыла бергенде көлік салоннан айқай-шуды естіп дереу тоқтағанын айтады. Жолаушылардың сөзінде салонның есігі жол бойында ашық болған. Жайнагүл құлап кеткен кезде, олар айқайлап, тоқтауды сұраған. Бірақ автобус тек 20 метр жүріп өткен соң тоқтаған. Жүргізуші тіпті жолаушы құлап кеткенін байқаған жоқ», — дейді қаза болған адамның ағасы Мейрамбек Сайран.  

Жайнагүл Халық алған жарақаттары өте ауыр болған. Әйел басымен қатты соғылып, есіне келместен қайтыс болған. Туысқандары қайғылы оқиғаның қайталануы мүмкін деп алаңдауда. Өйткені салқындатқышы жоқ автобустар есіктерін ашып қойған күйде жолаушы тасымалдауда. Көлік жағдайына жолаушылар да шағымдануда.

«Өте ыстық. Салқындатқыштар болса ғой», — дейді көпшілік.  

автобусАлматы мен Ұзынағаш бағытында 20 маршрут жүреді. Күн сайын бұл автобустар 1300-ге жуық жолаушы тасымалдайды. Барлық көлік ескірді, дейді мамандар.

«Маршруттар Ұзынағаш ауылы арқылы, аудан орталығы Ұзынағаш ауылы арқылы өтеді. Жолаушылар ағыны өте көп. Автобустардың жағдайы, өздеріңіз көріп отырғандай, қойылған талаптарға сәйкес келмейді. Бұл мәселе бойынша біз автопарк басшылығына жүгіндік, бірақ бүгінгі күні автопарк жаңартылмаған», — дейді Алматы облысы Жамбыл ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Салауат Ибрагимов.

Полиция қызметкерлері «абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралын басқару» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Сараптама жүргізілгеннен кейін соңғы процессуалдық шешім қабылданады.

stan.kz