«Тәттіні көп жеме»: Владимир Путин кішкентай балаға қандай уәде берді

0
86

Ресей президенті Владимир Путин Иркутск облысында үйі мен балабақшасы суға кеткен балақаймен әңгімелесті

Жұма күні Владимир Путин су тасқынынан зардап шеккендер орналасқан №28 қалалық мектеп-интернатқа келіп, медициналық пунктіні көрді.

Содан соң ол бөлмелердің біріне кіріп, үйі суға кеткен Матвей Сафронов есімді балақаймен сөйлесті.

«Сіз Путинсіз бе? Мен сізді теледидардан көрдім!», – деді балақай мемлекет басшысымен танысып.

Кішкентай Матвей президенттің құрметіне отбасы торт алып, мерекелік дастархан жаятынын айтты.

«Жақсы. Көп рахмет. Тек тәттіні көп жеме», – деп ескертті Путин.

Тағы оқыңыз: «Қызға көмектесіңдер»: Путинмен кездесуде күтпеген жағдай болды – видео

Сонымен қатар РФ президенті балаға су тасқынынан зардап шеккен Иркутск облысындағы инфрақұрылымды қалпына келтіруді қадағалауға уәде берді.



sputniknews.kz