Тікұшақта қаза болған сарбаздың ағасы: Інім жұмыстан кетуге арыз жазған, бірақ оған қысым көрсетіп қорқытты — Қазақстан жаңалықтары

0

Қызылордадағы тікұшақ апатынан қаза болған әскери қызметкер Мирас Жұматаевтың жақындары сұмдық жайтты баяндады. 

Мирас Жұматаев бұған дейін Талдықорғандағы 21-751 әуе базасында қызмет еткен. Қаңтар айынан бастап Ақтауға ауыстырылған, деп хабарлайды 31 арна.

Ағасының айтуынша, інісі Ақтауға қызметін ауыстыруға қарсы болған. Тіпті арыз жазып, жұмыстан кетпек болған. Алайда басшылығы оны қабылдамапты. 

«Арыз жазып жұмыстан кетейін деді. Себебі Ақтауға барғысы келген жоқ. О бастан қарсы болды. Бірақ арызын басшылығы қабылдаған жоқ. Кейін мемлекеттік мекемеде жұмыс істей алмау үшін әскери билетіңе статья жазып береміз деп қорқытып, қысым көрсеткен», — деді ағасы Айдос Жұматай. 

Жақындарының айтуынша, бірнеше сарбаздың Ақтауға кететінін жөнінде бұйры алдын ала 2018 жылы шыққан. Ал, сарбаздар 2019 жылы барды. 

«Басқа сарбаздар Ақтауға бармау үшін пара берді. 100-150 мыңдап пара алады олар. Жемқорлықтың бәрі осында жайлаған», — деді анасы Сайлау Сыдықова.  

Баласын шалғайға жібергісі келмеген анасы енді ұлының сүйегін күтіп отыр. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz